28.09.2024, 14:30
Оқылды: 55

Бас прокуратура мен ҰОК меморандумға қол қойды

Бас Прокурор Берік Асылов пен Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин қол қойған келісімнің мақсаты – спорт саласында заңдылықтың нығаюы, бюджет қаражатын жымқыруды болдырмау және басқа да қылмыстарға жол бермеу, салауатты өмір салтын насихаттау, әсіресе жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.

435ca57e8ed2dafa5dd89a90f9ff0733_1280x720

Бас Прокурор өз сөзінде «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында уәкілетті органмен бірге кәсіпқой спортта негізгі мәселелерді шешу және осы саладағы заңнаманы жаңарту керек екенін» атап өтті.

Іс-шара нәтижесінде тараптар белсенді ақпараттық өзара іс-қимылды, бірлескен талдауларды, жобаларды, оның ішінде күштік органдардың қызметкерлері арасында танымал спортшыларды дайындап шығару мақсатында құқық қорғау органдарында спортты кеңінен насихаттау бойынша жұмыстар жүргізу туралы келісімге келді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале