16.09.2021, 9:22
Оқылды: 88

Бас жүлде қызылордалық Күнсұлу Түрікпенге бұйырды

Теректі ауданында өтіп жатқан «Жыр дүлділіМарабай» атты республикалық-аймақтық жыршылар  додасының екінші бөлімінде қатысушылар еркін тақырыпты жырлады.

IMG-20210915-WA0188

Тінін тарқатсақ, М.Алдамжарова мен К.Түрікпен «Көроғлы», Ө.Жетесов «Нар қыз», М.Сүгірбай «Жанқожа батыр»дастандарын, Е.Олжағали мен С.Жанғазиев «Қобыланды батыр» жырларын орындап көрерменнің қошеметіне бөленді.

IMG-20210915-WA0187

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде (300 мың теңге) қызылордалық Күнсұлу Түрікпенге бұйырды.

Өзін «театр суретшісі» деп таныстыруды сұраған Сәкен Жанғазиев қатарластарынан оқ бойы оза шауып, I орынды иеленді. Ал II орын Марат Сүгірбайдың еншісінде кетсе, III орынды Өмірхан Жетесов қанжығасына байлады. Сондай-ақ Малика Алдамжарова мен Еркебұлан Олжағалилар да жүлдегер атанды.

IMG-20210915-WA0172

Әділ қазылар алқасының мүшесі Берік Жүсіпов жүлдегерлерді құттықтап,  марапаттарды ашық түсіндіріп өтті. Соның ішінде оралдық С.Жанғазиевке ерекше ықылас білдірді. Оның ішкі жан-дүниесімен суретті түсінетіні секілді, жыр-дастандарды да сезініп айтып, көрерменге ерекше етіп жеткізе білгендігін де қоса айтты.

Барлық жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтармен бірге гүл шоқтарын табыс етті.

 

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале