28.02.2024, 16:30
Оқылды: 31

Басқарма басшысы бас редакторлармен кездесті

Облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысы Гүлжанар Шөкеева «Жайық Пресс» медиахолдингі құрамындағы облыстық және аудандық газеттердің бас редакторларымен кездесті.

1d9edc14-6634-4b78-a95e-d9a39e37028c

Аудандық газет басшыларымен алғаш кездескен басқарма басшысы жиынның танысу, ауыл-аймақтағы жағдайды өз ауыздарынан тыңдап, алдағы жұмысты жоспарлау мақсатында өткізіліп отырғанын айтты.

Облыстағы атқарылып жатқан істерді, аталған басқарманың жұмысын баяндаған Гүлжанар Болатқызы идеологиялық ахуалға, ауылдағы зиялы қауымның, үкіметтік емес ұйымдардың рөліне тоқталып өтті. Аудандық газеттердің өңірдің саяси өміріндегі орнына, мемлекеттің ұстанған саяси бағытын, өзгерістер мен жаңа шешімдерін ауыл халқына жеткізудегі маңызы жайлы әңгімеледі.

64e98fed-43dd-47de-9f89-5141b915dbbc

- Көзқарастың әртүрлі болғаны жақсы. Шығармашылық сала мамандары өзгеше ойлайды. Елдік дүниеге, ұлттық құндылықтар мәселесіне келгенде елдің алдында жүрген журналистердің де, зиялы қауым өкілдерінің де бірлігі бекем болуы керек, - деді басқарма басшысы.

Аудандық газеттердің редакторлары өңір журналистикасындағы өзекті мәселелерді көтеріп, өздерін алаңдатқан сауалдарын қойды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале