31.03.2022, 12:30
Оқылды: 149

«Баспасөз қызметінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті

Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады. БҚО білім басқармасының қызметі туралы БАҚ арқылы объективті қоғамдық пікір қалыптастыру, әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар, мерекелер және тағы басқа облыстық маңызы бар шаралар өткізілген кезде ақпараттық қолдау көрсету мақсатында басқармада баспасөз қызметі жүйелі жұмыс жасауда. Осы орайда, аудандық, қалалық, облыстық білім беру ұйымдарындағы жұмысты жандандырып, БАҚ өкілдерімен тығыз қатынаста жұмыс жасау мақсатында «Баспасөз қызметінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті.

WhatsApp Image 2022-03-31 at 12.03.36

Семинарға арнайы шақырылған меймандар «Жайық Пресс» медиахолдингі жанындағы Ақпарат агенттігінің басшысы Нұрбек Оразаев, журналист Гүлжамал Кенжегалиева, «Ақжайық» телеарнасының редакторы Динара Жұмабекқызы және аудандық, қалалық білім бөлімдерінің баспасөз қызметіне жауапты мамандар қатысып, облыстық білім беру бөлімінің баспасөз хатшысы Үміт Жәңгірова еркін форматта өткен семинарды ашып, келген қонақтарға сөз кезегін берді. Семинар мақсаты баспасөз қызметінің жұмысын ұйымдастыру болғандықтан, Нұрбек Закарияұлы сайтпен жұмыс істеу, жедел ақпараттандыру туралы айтса, Гүлжамал Жолдығалиқызы жалпы білім саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, танымдық материалдарды облыстық газет беттеріне жариялау, мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас орнату керектігін тілге тиек етті.

Динара Жұмабекқызы сайт, әлеужелі немесе газеттен бөлек телеарналарға да білім саласы бойынша шығатын ақпараттар мен өзекті тақырыптардың бағытын айтып өтті. Семинар барысында әр ауданнан келген мамандар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.
Алдағы уақытта да білім саласындағы баспасөз қызметін нығайту үшін түрлі тақырыпта онлайн немесе офлайн форматта семинарлар өз жалғасын табатын болады.

БҚО Білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале