23.06.2021, 21:25
Оқылды: 305

«Басты міндет – елге қызмет»

Мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтеру мақсатында 1998 жылы Елбасының Жарлығымен 23 маусым кәсіби мереке болып бекітілген еді. Содан бері бұл дата атаусыз қалған емес. Себебі «Басты міндетелге қызмет» қағидасын қатаң ұстанған мемлекеттік қызметшіге халықтың артар сенімі зор

IMG-20210623-WA0034

Тәуелсіз елдің күнтізбесіндегі айтулы мерекені атап өту бүгінде дәстүрге айналған. Сәрсенбі күні жылдағы қалыптасқан үрдіске сай, мемлекеттік қызметшілердің төл мейрамына орай облыс әкімдігінде салтанатты жиын өтіп, онда халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген жандар марапатталды.

IMG-20210623-WA0050

- Бүгінде елімізде халықтың өмір сүру деңгейін жақсарта түсу үшін көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда. Осы маңызды істі сәтті жүзеге асыру барысында әрқайсыңыз жемісті еңбек етіп келесіздер. Мемлекеттік қызметкер заман ағымына сай өз білімін үнемі жетілдіре отырып, адалдық пен адамдықты ту етіп ұстауы тиіс. Қазіргі таңда облыс бойынша 434 мемлекеттік мекеме болса, ол жерлерде 4 мыңға жуық адам қызмет етеді. Өткен жылдан басталған елдегі пандемия кезінде де сіздер өздеріңіздің ең жақсы қасиеттеріңізді көрсете білдіңіздер. Халықтың қауіпсіздігін, жалпы аумақтың тыныс-тіршілігінің қалыпты болуын қамтамасыз ету үшін уақытпен санаспай еңбек еттіңіздер. Сіздерге қиын да жанқиярлық қызметтеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Баршыңызды өңір басшысы Ғали Есқалиевтің және өз атымнан бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, деніңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!, - деді мереке иелерін құттықтаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев.

IMG-20210623-WA0036

Мұнан соң М.Манкеев аталған салада жемісті еңбек етіп жүрген бір топ мемқызметшілерді марапаттады. Облыстың мәдениет басқармасы әкімшілік бөлімінің басшысы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Сәуле Қарабалинаға «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі табысталды. Сонымен қатар облыс әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссия жұмысы бөлімінің басшысы Талғат Нығметов, бақылау бөлімінің бас инспекторы Бақберген Абуов, талдау бөлімінің бас инспекторы Светлана Әлмұқанова сынды бір топ мемқызметшілерге облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.

Шара барысында кәсіби шеберлігі және өз жұмысына деген адалдығы үшін бір қатар озық қызметкерлер ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігі төрағасының және облыстық департамент басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

IMG-20210623-WA0044

Салтанатты шарада мемлекеттік қызметке енді орналасқан жас мамандар ант қабылдады.

IMG-20210623-WA0045

IMG-20210623-WA0047

IMG-20210623-WA0037

Нұрбек Оразаев,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале