21.07.2020, 10:55
Оқылды: 152

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен зиялы қауым өкілдерінің облыс халқына үндеуі

Құрметті жерлестер!

Барша әлем елдерін қапа қылған короновирус індетінің барына сенбей, сақтық шараларына да мән бермей жүрген салғырттығымыздың салдары сан соқтырды. «Сақтансаң, сақтармын» деген даналық сөзді естен шығарып алдық.  Қазіргі таңда қауіпті індет ел ішін жаулады. «Біріміз үшін бәріміз» күресіп, халқымыздың амандығын сақтайтын сын сағат туды.

5FCFAC97-4E98-4EF6-93D0-5B84D28D9450

Елдегі жағдайды тұрақтандыру жолында Президент пен өкілетті органдар тарапынан үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біздің өңірімізде де пандемиямен күрес қарқынды жүруде. Алайда өз өміріміз бен жақын-туыстарымыздың амандығының кепілі – сақтану, қорғану, сақтық шараларды қатаң ұстану болып табылады. Басқосулардан, той-садақа жасаудан бас тарта тұруымыз керек. Бірлік пен тұтастығымыздың арқасында бұл қиындықты да еңсеретініміз анық!

«Адам жанының арашашысы» медицина қызметкерлері үй көрмей, уақытпен санаспай, коронавирус індетін емдеудің жолдарын іздестіріп, науқастарды емдеп-жазуға атсалысуда. Кейбір дәрігерлеріміз ұлт саулығы үшін күрес жолында өз өмірлерін қиды. Жанкештілік еңбектері үшін дәрігерлерге мың тағзым! Олардың осынау ерлік істеріне қолдау білдірейік, үйде болайық!

Ел басына күн туып, төтенше жағдай жарияланған күннен бастап, Қазақстан халқы Ассамблеясы да жағдайды тұрақтандыру мақсатында бірнеше бағыттарда ауқымды жұмыстар атқарды. Ассамблеяның еріктілер қозғалысы мүшелерімен көпбалалы және аз қамтылған жанұяларға, ҰОС ардагерлері мен егде жастағы жалғызбасты қарияларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық көмектер көрсетіліп келеді.

Індет ушығып тұрған қазіргі жағдайда Отаны мен отбасының амандығы алаңдататын адамдарды, қоғамдық ұйымдарды пандемия дертіне қарсы күресте күш біріктіруге шақырамыз!

Біріншіден, халқымызды, облыс тұрғындарын сақтық шараларын қатаң сақтауға, жеке бастың қорғанысына арналған бетперде мен қолғап киюге, көпшілік орындарға бармауға үндейміз.

Екіншіден, індетке шалдыққандарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, аса қажетті медициналық құрылғылар сатып алуға әрқайсымыз өз үлестерімізді қосайық!

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының пікірталас алаңы облыстың әр тұрғыны үшін ашық. Сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді, қолдауларыңызды асыға күтеміз!

Облысымыздың зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдары, кәсіпкерлері де Ассамблеяның жанына топтасып, пандемияға қарсы жұмыстарымызды, жан-жақтан келіп жатқан қайырымдылық көмектерді жүйелеуге атсалысып жатыр.

Жақсылық жасау ниетінде әрқайсымыз әрқалай әрекет етудеміз. Ем үшін сатып алынған кейбір құрылғыларымыздың маңыздылығы болмай жатыр.  Бәріміз бір демде, бірлескен түрде  әр тиынымызды мақсатты жұмсап, жүйелі әрекет етсек қана қынадай қырып бара жатқан жаман індеттің қарқынын ауыздықтай аламыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демеуші ме еді бабаларымыз.

Ел халқының саулығы үшін қолұшын созған әркім әр тиынының қай мақсатқа жұмсалғанын білуі тиіс. Қайырымдылық көмектердің жиналуы мен мақсатты жұмсалуын  үйлестіру жұмыстарының тізгінін БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының «Дос» қоғамдық қоры өз қолына алды. Бұл жұмысқа әрқайсыңыз үлес қоса аласыздар.

Біз, барша қала мен ауыл халқына көмек қолын созғымыз, көптеген өмірге араша түскіміз келеді. Өңір халқының тағдыры алаңдататын азаматтарды коронавируспен күрес кезінде аса қажетті заттарды сатып алуға өз үлестерін қосуға шақырамыз!

Жақынымызға жанашыр болайық! Көптеген замандастарымыздың өмірін құтқарып қала алатынымызды ұмытпайық!

БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының «Дос» қоғамдық қорының реквизиттері:

Мекенжайы: Орал қаласы, Жуков көшесі, 15-үй, №1 офис

ИИК: КZ338560000005515595

АО «БанкЦентрКредит»

БИК  KCJBKZKX

БИН  120840008474

ЖСН 271800058977

Атқарушы директоры В.Л.Шохина

KASPICOLD 4400 4301 0568 7211

04/23 TALGAT CHUDOBAYEV

1. Данильбек Саратов – БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің басшысы;

2. Вера Шохина - БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Дос» қоғамдық қорының атқарушы директоры;

3. Шолпан Қыдырниязова – ақын, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері;

4. Александр Ялфимов – прозашы, публицист, фольклорист жазушы;

5. Сергей Погодин – БҚО ҚХА «Орыс мәдени орталығы» этномәдени бірлестігінің төрағасы;

6. Михаил Беляев – БҚО ҚХА «Грамада» беларус  этномәдени бірлестігінің басшысы;

7. Анвар Агаев – БҚО ҚХА «Бирлик» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі, кәсіпкер, «Ақсай бизнес құрылыс» ЖШС басшысы,

8. Мақсот Берген – «Ағайын» қазақ этномәдени бірлестігінің басшысы;

9. Шалқыма Құрманалина – БҚО ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы, қоғам қайраткері, ардагер ұстаз, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, педагогика ғылымдары академиясының академигі,

10. Илияр Муталипов – БҚО ҚХА волонтерлер орталығының төрағасы;

11. Әсел Мырзахметова – БҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы төрағасының орынбасары;

12. Талғат Чудобаев – БҚО ҚХА қазақ-вайнах жастары достық клубының төрағасы, волонтерлер орталығының белсенді мүшесі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале