16.11.2020, 12:02
Оқылды: 104

Батыс Қазақстан облысында 20 мұғалім коронавирус жұқтырған

Батыс Қазақстан облысында қыркүйек айынан бері 20 мұғалім коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі.

1B65A4C2-DF8D-4D47-AF70-2F07537BF72E

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның үшеуі – бастауыш сынып мұғалімдері. Осы уақыт аралығында Орал қаласы бойынша 18, аудандарда 10 сынып карантинге жабылды. Сондай-ақ қыркүйек айынан бері 6 мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылды. Өңірде соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 42 адам тіркелсе, соның 14-інде ауру белгілері байқалған. Қалған 28 адамда ауру симптомсыз өтуде. Індет басталғаннан бері облыста барлығы 7499 адамның ауырғаны анықталып, соның 6954-і жазылып шықты. 128 науқас көз жұмды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале