26.01.2021, 16:14
Оқылды: 381

"Батыс Қазақстан облысындағы қордаланған проблемалар шешілуі тиіс"

Батыс Қазақстан облысындағы қордаланған проблемалар шешілуі тиіс. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. InShot_20210126_155627602

«Жергілікті жолдардың іс жүзінде үштен екісі өте нашар жағдайда. Бұл азаматтар тарапынан үнемі наразылық тудырып отыр. Бұл проблеманы шешу үшін қандай іс-шара қабылданып жатыр? Оны шешу керек», - деп сұрады Мемлекет басшысы отырыс барысында аталған өңірдің әкімі Ғали Есқалиевтен.

Облыс басшысының айтуынша, өңірде 426 елді мекен бар. Соған орай жергілікті жолдардың желісі де өте ауқымды болып келеді. «Сіз дұрыс айттыңыз, өткен жылы бізде жолдардың 31 пайызы қанағаттанарлық күйде болды. Бір жыл ішінде 92 шақырым жергілікті жолдарды жөндедік. Бірақ, әлі де қанағаттанарлық күйдегі жолдар не бәрі 34 пайызға жетіп отыр. Қазір жаңа жолдарға арналған жобалық-сметалық құжаттарын дайындап жатырмыз және тиісті министрлікпен бірге бұл жұмысты көрсеткішті жақсарту үшін жалғастырамыз», - деді ол.

Осы орайда ҚР Президенті Батыс Қазақстан облысындағы жолдардың мәселесі ұзақ уақыттан бері қордаланып қалғандығын баса айтты.

«Бірнеше жыл бойы түрлі себептерге байланысты бұл мәселе шешілмей келді. Дегенмен, қазіргі уақытта Үкімет облыстағы қордаланған ең өзекті мәселелерге лайықты деңгейде назар аударуы тиіс деп ойлаймын. Облыстың стратегиялық маңызы бар, Ресеймен шектеседі және мұндай проблемалар шешілуі тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале