28.09.2020, 22:58
Оқылды: 125

Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысы тағайындалды

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысының лауазымына Досжанов Асылұлан Тұрсынұлы тағайындалды.

Асұлан

Досжанов Асылұлан Тұрсынұлы – 1983 жылы туған. Білімі жоғары. Орал Еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «халықаралық деңгейдегі экономист» және «заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бас маманы;

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы кадрлармен қамтамасыз ету бөлімнің бастығы;

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі;

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі – басқарма басшысының орынбасары;

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі – департамент басшысының орынбасары;

– Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс жасады.

2017 жылдан Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале