7.01.2023, 21:53
Оқылды: 103

Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының күре жолдарында жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді

Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының күре жолдарында қозғалысқа шектеу енгізілді. Қозғалыс тек жүк және қоғамдық көліктер үшін шектелді. Бұл туралы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.

0DD213FE-85C4-4294-920C-2B42883A4709Сурет: forumdaily.com
Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты төмендегі күре жол учаскелері жабық:

«Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан  Қарабұтақ кентіне дейінгі аралығы;

«Самара-Шымкент» тасжолының БҚО шекарасынан Құрашасай кентіне дейінгі аралығы;

«Ақтөбе-Орск» тасжолының Ш. Қалдаяқова ауылынан Ресей Федерациясының шекарасы дейін;

«Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» тасжолының Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін.

Ал БҚО-да «Самара-Шымкент» тасжолының Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралығы жабылды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале