23.02.2022, 13:00
Оқылды: 109

Батыс Қазақстанда 60 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

Батыс Қазақстан облысында 59 209 адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

07f15aea9608638ca2dc612f869bc2fc_original.39099

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, осы кезге дейін 271 080 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды. Бұл – егілуге жататын тұрғындардың 65,4 пайызы.

Соның ішінде 257 628-і (62,2 пайызы) екінші компонентпен де егілді.

Қазіргі кезде емханаларда 67 938 доза І, 118 566 доза ІІ компонент бар.

Pfizer вакцинасын 10 119 адам салдырса, соның 369-ы – жүкті, 4 468-і – бала емізетін әйелдер, 5 282-сі – жасөспірімдер.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, пандемия басталғаннан бері 49 511, соның ішінде биыл 9 441 адам коронавирус жұқтырды.

Соңғы тәулікте 14 науқас анықталса, 202 адам сауығып шықты.

Кейінгі кезде инфекциялық ауруханаларда жатқан науқастар саны азайып келеді. Күні бүгін 751 төсектік 14 стационарда 95 науқас ем алуда. Соның ішінде жансақтау бөлімшесінде жатқан 17-сі ауыр халде.

Фотосурет gov.kz сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале