8.06.2022, 9:45
Оқылды: 115

Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, екі адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220608102225621e

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметкері, полиция майоры Дариға Мәжитованың мәлім еткеніндей, оқиға 7 мамыр күні шамамен сағат 19.15-те болды.

«Жалпақтал-Чапаев автожолының 115-шақырымында «Лексус» автокөлігі аударылып қалды. Жол апаты салдарынан 1986 жылғы жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды. Автокөлікте отырған жолаушы, болжам бойынша жүргізушінің әйелі Жалпақтал ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылды. Түнде Орал қаласында тұрған 1990 жылғы жолаушы әйел көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде», деді Д.Мәжитова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда полиция қызметкерінің екі баланы құтқарып қалғанын жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале