28.07.2022, 16:15
Оқылды: 89

Батыс Қазақстанда көлік иелері VIP-нөмірге 73 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған

Мемлекеттік нөмір - әрбір автокөліктің міндетті атрибуты. 2022 жылдың бірінші жартысында Орал қаласының мамандандырылған ХҚО-да жалпы сомасы 73 миллион теңгеден астам сомаға 277 адам "жоғары сұраныстағы" нөмірлерді сатып алған. Көлікті сатып алу және тіркеу кезінде әрбір азамат мемлекеттік нөмір алуға міндетті. Егер азамат жолда ерекшеленгісі келсе, онда белгіленген құнын төлеп, "жоғары сұраныстағы" мемлекеттік нөмір сатып ала алады.

IMG-20220728-WA0018
Көлікті ресімдеу кезінде мамандандырылған бөлім қызметкерлері құны 2,8 АЕК немесе 8 576 теңгені құрайтын қарапайым мемлекеттік нөмірлердің тізімін ұсынады. Кәдімгі нөмірлік белгілермен қатар сандар мен әріптердің "әдемі" комбинациясын да сатып алуға болады. Құны да сәйкесінше жоғары: 57 АЕК (174 591 тг.) пен 285 АЕК (872 955 тг.) аралығында.

Сондай-ақ «жоғары сұранысқа ие» нөмірлер қатарындағы сандар немесе әріптерді қолдана отырып, өз қалауындағы нөмірге Әкімшілік полиция басқармасына жолығу арқылы тапсырыс беруге болады.

Мемлекеттік нөмірді басқа адамға сатуға немесе сыйлауға болмайды. Автокөлігін сатқан жағдайда нөмірді мамандандырылған ХҚО-да 6 айға дейінгі мерзімге уақытша сақтауға қалдыра алады.

Автокөлікті қайта тіркеуді eGov порталы немесе Kaspi және Halyq Homebank банк қосымшалары арқылы онлайн оңай іске асыруға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясының
БҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале