Батысқазақстандық оқушылар Дубайда өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды
1 Сәуір 2023

Батысқазақстандық оқушылар Дубайда өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды

«Ақжауын» телехикаясы «Nauryz» ұлттық байқауының «Үздік драмалық сериал» аталымында жеңіске жетті
31 Наурыз 2023

«Ақжауын» телехикаясы «Nauryz» ұлттық байқауының «Үздік драмалық сериал» аталымында жеңіске жетті

30 Наурыз 2023

"Ақжайық" футбол командасы кезекті жеңісіне қол жеткізді

Киік популяциясын реттеу мәселесі талқылануда
30 Наурыз 2023

Киік популяциясын реттеу мәселесі талқылануда

Жыр болған жол
29 Наурыз 2023

Жыр болған жол

Президент: «Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді»
29 Наурыз 2023

Президент: «Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді»

Батыс Қазақстанда мәслихаттарға 188 депутат сайланбақшы

Батыс Қазақстан облысында түрлі деңгейдегі мәслихаттарға 188 депутат сайланбақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG-20230127-WA0004

БҚО аумақтық сайлау комиссиясынан мәлім еткеніндей, соның ішінде 30-ы облыстық, 24-і қалалық, 134-і аудандық мәслихаттарға өтеді.

Облыстық мәслихатқа 15-і бір мандаттық, яғни мажоритарлық жүйе, қалған жартысы партиялық тізім бойынша сайланады. Ал қалалық және аудандық мәслихаттарға үміткерлер бір мандаттық округ бойынша додаға түседі.

Сонымен қатар Мәжіліске облыстан мажоритарлық жүйе бойынша №14 сайлау округінен бір депутат сайланады.

Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, одан әрі жалғасуда. Үміткерлерді ұсыну 8 ақпан күні сағат 18.00-де мәреге жетіп, содан кейін тіркеу жұмыстары басталады.

«Өңірде 504 сайлау учаскесі бар. Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің жалпы саны – 3148. 158 округтік сайлау комиссиясы болса, оларда 790 мүше бар. Қазіргі кезде барлық сайлау учаскелері мен комиссиялары күнтізбелік жоспарға сәйкес өз жұмыстарын атқаруда», деп хабарлады комиссиядан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО мәслихаты депутатының сенатор ел үмітін ақтаса екендігі туралы айтқанын жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале