25.05.2022, 11:00
Оқылды: 105

Батыс Қазақстанда ток соққан екі бала ауруханаға түсті

Батыс Қазақстан облысында ток соққан екі бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бірінші оқиға 24 мамыр күні сағат 13.55-те Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында болған.

Төрт бала ойнап жүріп, подстанцияның қоршалған жабық аумағына кірген. Сол кезде бес жасар ұл баланы ток соққан. Аудандық ауруханаға жатқызылған оның жағдайы ауыр.

Екінші оқиға 24 мамыр күні сағат 11.00-де Казталов ауданы Бостандық ауылдық округі Ақсуат қыстағында болды.

Ата-анасының қарауынсыз қалған алты жасар ұл бала трансформаторға (380 Вт) қолын тигізген.

Соның салдарынан 2-3 дәрежелі күйік жарақатын алып, аудандық ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, Жаңақазан ауылында ток соққан баланың екі қолы күйген.

Жағдайы өте ауыр. Қаладан кеше санавиация барды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 11 жасар баланы қағып кеткен автокөліктің іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале