19.11.2021, 16:50
Оқылды: 209

Батыс Қазақстанда вакцина алғандар саны 246 мыңнан асты

Батыс Қазақстан облысында 246 010 адам вакцинаның бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың өңірдегі тілшісі.

211119161103502a3864510i
БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың мәлім еткеніндей, бұл – облыс бойынша егілуге тиісті тұрғындардың 59,4 пайызы. Егілгендердің басым көпшілігі (176 537) ресейлік «Спутник V» вакцинасын қолай көрді.

Сондай-ақ 226 260 адам екінші компонентті де қабылдады. Қазіргі кезде өңірде вакцинациялау жұмысы жалғасуда. Г.Әбдірахманованың сөзіне қарағанда, пандемия басталғаннан бері коронавирус жұқтырған 39 503 науқастың 93,3 пайызы (36 856) жазылып шықты. Солардың ішінде 14 931-і инфекциялық стационарларда, 21 925-і үйлерінде емделді. Күні бүгінге дейін 832, соның ішінде биыл 663 адам коронавирустан қайтыс болды.

«Қазіргі кезде облыста 337 науқас амбулаторлық ем алуда. Солардың 72 пайызында ауру жеңіл өтуде. 16 пайызы – орташа, 12 пайызы – симптомы жоқтар. Сонымен қатар 821 төсектік 16 инфекциялық стационарда 142 адам ем қабылдап жатыр. Ауыр халдегі 9-ы жансақтау бөлімшесінде. 6 науқас инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», деді Г.Әбдірахманова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанға 29 250 доза Pfizer вакцинасы жеткізілгенін, өңірде балалар арасында тұмауға шалдығу жиілегенін жазған болатынбыз.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале