13.03.2024, 9:45
Оқылды: 22

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына жаңа орынбасар тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы  «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары болып Мирас Тұрдалин тағайындалды.

40bb6a1e-62be-4114-a1ab-c517e18aef60

Жаңадан тағайындалған орынбасарды жеке құрамға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Әбжанов Бауыржан Садықұлы таныстырды.

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мирас Құдайбергенұлы аталмыш лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе қаласындағы Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінің  командирі қызметін атқарған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары жаңадан тағайындалған қолбасшының орынбасарының әскери қызметінде табыс, жауынгерлік және командалық дайындықты жетілдіруді тіледі.

Ал атап өтер жайт осыған дейін «Батыс» ӨңҚ қолбасшысының орынбасары қызметін атқарған полковник Павел Ситников «Оңтүстік» ӨңҚ қолбасшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале