15.03.2024, 12:45
Оқылды: 36

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының құрамасы қазақ күресінен жүлдеге ие болды

Өскемен қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жекпе-жек сарайында ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының кубогі үшін ұйымдастырылған қазақша күрестен жеке және командалық чемпионат мәресіне жетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

0b0785ba-5bc9-4877-8387-a48d0ac77ee5

Фото: polisia.kz

Жарыс 1995 жылдың 7 сәуірінде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан ҚР ІІМ Ішкі әскерінің 17 жауынгерін еске алуға арналған. Чемпионатқа “Шығыс”, “Оңтүстік”, “Орталық”, “Батыс” өңірлік қолбасшылықтарының, Ұлттық ұлан академиясының, 6654 және 5573 әскери бөлімдерінің құрама командалары қатысты.

Боз кілемде алты салмақ дәрежесінде жеті команда және 50-ге жуық балуан өзара күш сынасты. Олардың арасында қазақша күрестен әлем чемпиондары мен спорт шеберлері де бар. Жарыс нәтижесі бойынша командалық есепте І орынды 5573 әскери бөлімі, ІІ орынды “Батыс” өңірлік қолбасшылығының құрамасы, ІІІ орынды “Орталық” өңірлік қолбасшылығының құрамасы иеленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале