26.02.2024, 12:45
Оқылды: 37

Батысқазақстандық Фатима Сұпығалиева ел чемпионы атанды

2007-2008 жылдары туған  еліміздің үздік балғын дзюдошылары Түркістан қаласында бас қосып, ел чемпионы атағын сарапқа салып жатыр.

5c7f8c20-137f-4751-bd65-1184381e3f88

Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстан келген 820 татами шеберінің жарысы ақпанның 27-не дейін созылады.

Бүгін 52 келі салмақ дәрежесінде белдескен батысқазақстандық Фатима Сұпығалиева қарсыластарының барлығын жеңіп, ел чемпионы атанды.

Әке жолын жалғап, дзюдо спортын таңдаған Фатима танымал бапкер Алтынбек Сұпығалиевтің қызы екенін еске саламыз

Ел чемпионатында үздік шықандар Азия, әлем біріншіліктерінде ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале