20.12.2023, 22:35
Оқылды: 359

Батысқазақстандық мерген қыз садақ атудан ел кубогінде жеңіске жетті

Елордада 19-20 желтоқсан күндері дәстүрлі садақ атудан республикалық қауымдастық кубогі өтті. Оған «Орал» спорт клубындағы ұлттық спорт бөлімінің жас спортшылары да қатысты. Бұл туралы Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.

72EFA148-9A7E-4356-A8FA-BE85E1283DDD

«13-15 жас (20 метрден) аралығындағылар арасында оқ бойы оза шауып Гран-при жүлдесін батысқазақстандық Гүлхан Тезекбаева иеленсе, Нұрбол Жасұланұлы жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Спортшылардың жаттықтырушысы тәжірибелі маман – Дархан Аяпбергенұлы.

Қоса өтейік, жарысқа дайындықтар қаладағы жұмысын бір жарым жыл бұрын ғана бастаған «Нұр-Ер» ат спорты туристік орталығында өтеді.

5A243428-0633-4E8B-8DAE-B66284304EFF

Жеңімпаз атанған Гүлхан қыздың – бұл алғашқы үлкен жарысы. Бұған дейін ол аудандық, қалалық, облыстық жарыстарға «Орал» спорт клубының атынан қатысып жүр», - дейді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі баспасөз қызметінің маманы.

Айта өтейік, жерлесіміз садақ атудан жасөспірімдер арасында тұңғыш рет ел чемпионы атанды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале