17.07.2023, 16:00
Оқылды: 139

Батысқазақстандық мыңдаған жас маман атанды

Облыста жыл сайын мыңдаған маман даярлайтын төрт жоғары оқу орны, 34 колледж бар. Колледждердің он үші облыстың аудандарында орналасқан.

2742129A-B9EB-4F08-90A2-F6334E1B84ED

Өңір бойынша екі ірі жоғары оқу орнының бірі – Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің бакалавриатын биыл 1 764 түлек тәмамдады. Оның 648-і грант негізінде білім алған. Ал оқу орнының магистратурасын 195 түлек аяқтап отыр.

Шежірелі тарихы бар білім ордасы 78 бакалавриат, 44 магистратура бойынша жоғары білімді мамандарды даярлайды.

D0B88EBF-022D-4930-9D7A-946B6B8BAE62

Ал биыл Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін 1095 түлек тәмамдаған. Оның ішінде 1014 түлек – бакалавриаттың 34 білім беру бағдарламасы бойынша, 75 түлек – магистратураның 19 білім беру бағдарламасы бойынша және алты түлек – докторантураның үш білім беру бағдарламасы бойынша маман атанды.

Айта кететін жайт, аталған ЖОО бітірген түлектердің 94-і диплом алмас бұрын қызметке орналасқан.

47772DF2-F2DD-480F-9B1D-B8D08B53366E

C0AB46D7-1AB0-4ABE-AAA8-35468A1C382D
B9DF16BD-953F-47B4-8236-D368385E2106
Суреттер Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале