20.01.2022, 16:45
Оқылды: 138

Батысқазақстандық шорттрекші Бейжің олимпиадасында бақ сынайды

Батысқазақстандық шорттрекші Әділ Ғалиахметов Бейжің олимпиадасында бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220120134321150e

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлім еткеніндей, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әділ Ғалиахметов 1998 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Қаладағы №2 орта мектепте білім алып, кейін спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп- интернатта оқуын жалғастырды. Елордадағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат-колледжінде білім алып, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін дене тәрбиесі және спорт мамандығы бойынша бітірді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале