21.02.2024, 12:30
Оқылды: 32

Батысқазақстандық Жанерке Тудахунова ел чемпионы атанды

Щучинск қаласында шаңғы жарысынан жасөспірім ұл-қыздар арасында ел чемпионаты өтті. Қазақстанның үздік жас шаңғышыларының басын қосқан бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 500-ге жуық спортшы қатысты.

2b934a75-a8e8-48fc-b330-3a9d210a85a2

Аталмыш додада төбе көрсеткен облыс шаңғышылары намысты қолдан бермеді. Бірнеше күнге созылған жарыс қорытындысында бәйтеректік Дамир Қабекесов екі күн қатарынан үздік бестікке іліксе, Анастасия Соколова, Ләйля Мұқатова атты спортшылар үздік ондықта болды.

Ал ел үміт артқан Бөрлі ауданының қос шаңғышысы Жанерке Тудахунова мен Мәдина Жақсылықова үздік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еркін әдіспен жарысқан 60-қа жуық шаңғышы арасынан суырылып шыққан Жанерке ел чемпионы атанса, Мәдина күміс медаль еншіледі. Жас болса да талай таланттың томағасын сыпырған бапкер Ислам Сағыналиевтен тәлім алатын бөрлілік қос спортшы қыз әлі талай доданың алтынын елімізге сыйлайды деген үміттеміз.

d5be9f4d-dfa2-49dd-b5d4-798abac30c8c

– Биылғы ел чемпионатына 500-ге жуық спортшы келді. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Шәкірттеріміз жаман нәтиже көрсетті деуге ауыз бармайды. Барлығы үздік ондық, үздік бестік ішінде болды. Медальға сынық сүйем жетпей қалғандар да болды. Ел чемпионатына баруға қолдау көрсеткен өңір спорт басқармасына алғыс айтамыз, – дейді шаңғы жарысынан облыс жастары мен жасөспірімдер құрама командасының аға жаттықтырушысы Серік Хайруллин.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале