3.09.2020, 16:31
Оқылды: 222

Батысқазақстандықтар Министрліктің Құрмет грамотасымен марапатталды

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі қарсаңында Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда атқарған орасан зор еңбегі үшін бірқатар батысқазақстандық танымал тұлғаларға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы табыс етілді.

Тіл

Министрліктің Құрмет грамотасымен ақын, жұбантанушы ұстаз Үзілдік Елеубаева, «Жайық Пресс» ЖШС Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газеті бас редакторының орынбасары, белгілі журналист Сырымбек Тұяқов, Бөрлі ауданы «АксайСнабКонтракт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Бақытжан Гадельшиев марапатталды.

Белгілі ақын Үзілдік Елеубайқызы – облыстағы бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы ақпараттық-насихаттық жұмыстарға белсене араласып жүрген тіл жанашыры болса, Сырымбек Жәрдемұлы – облыстық «Орал өңірі» газетінің «Тіл-тұғыр» айдары арқылы облыстағы бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда тұшымды ақпараттар ұсынып, өзекті мәселелерді көтеріп жүрген танымал журналист.

Ал «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшесі Бақытжан Гадельшиев болса, 2020 жылы Ақсай қаласында 193 аншлагты (соның ішінде 25 көше атауын) дайындауға демеушілік қолдау көрсеткен қоғам белсендісі.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале