21.02.2022, 17:40
Оқылды: 130

Батысқазақстандықтар QR арқылы 51 млн теңге мемлекеттік қызметтер ақысын төлеген

Батысқазақстандықтар QR арқылы 51 млн астам теңге мемлекеттік қызметтер ақысын төлеген. QR код арқылы төлем жасау сияқты сервистер азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу ретін жеңілдетуге көмектеседі. Қазір QR кодтың көмегімен 146 түрлі мемлекеттік қызметтің ақысын төлеуге болады. Болашақта бұл тізім толықтырылатын болады. QR код арқылы мемлекеттік баж алымын төлеу Kaspi және Halyq Homebank мобильді қосымшалары арқылы қолжетімді. Бір жыл ішінде қазақстандықтар QR кодты 700 мыңнан астам рет сұратып, 2,8 млрд теңгеден астам сомаға төлем жасаған.

200514162658632e

QR төлемді белсенді қолданғандардың ішінде Алматы қаласының тұрғындары көш бастап тұр, екінші орында қарағандылықтар, одан кейін тізімде астаналық тұрғындар (тиісінше 72 052, 63 278, 54 354). Батысқазақстандықтар QR арқылы 27 269 рет жалпы сомасы 51 063 420 теңгеге мемлекеттік қызметтер ақысын төлеген.

«Сервис енгізілген сәттен бастап, біз оң өзгерістер байқап отырмыз – клиенттер уақытын үнемдеп, оператордың алдында отырып-ақ қызмет ақысын төлеп жүр. Кассалардың жүктемесі төмендеді. Сондай-ақ QR код арқылы төлем жасалғанда комиссия алынбайды. Осының барлығы бізге таяу уақытта ХҚО-дағы кассалардың санын үштен бірге дейін қысқартуға мүмкіндік береді», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО тұрғындарының әдемі нөмір алуға 142 млн теңге жұмсағанын жазған болатынбыз.

inform.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале