5.06.2023, 17:56
Оқылды: 85

Батыста әскери техникалардың дайындығы тексерілді

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал және Жаңаөзен қалаларында  орналасқан әскери бөлімдерінде жауынгерлік техникалар жыл сайынғы техникалық байқаудан өтті.

24f3459f-ebcc-4ea8-b29e-4d727fd4b0b8

Техникалық байқауды «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Виктор Мұхатаев бастаған комиссия құрамы тексерді.

Шара жыл сайын көліктердің, арнайы және жауынгерлік техникалардың жай-күйі мен жарақтарының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеріп, сондай-ақ көлік жүргізушілерінің жол қозғалысына қатысуға рұқсат беруін бақылау мақсатында өткізіледі. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасынан құрылған арнайы комиссия мүшелері тексеру барысында, әскери және жауынгерлік көліктердің техникалық жағдайын толығымен тексеріп, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің техникалық қызмет көрсету жай күйін қарады.

49eb2988-cb8d-4fe0-82fc-a327f01836e0

Көліктегі әр жабдық жеке-жеке тексерілді. Атап айтатын болсақ, тежеу ​​жүйесінің блоктары, рульдік басқару құрылғысы, сыртқы жарықтандыру жабдықтары, әйнек тазалағыштар және басқа да құрылымдық элементтердің жұмысқа жарамдылығы толықтай қаралды. Сонымен қатар әр техникада болуы тиіс өрт сөндіргіш құралдарының, көліктер істен шыққан жағдайда көліктер алдына қойылатын ескерту үшбұрыштарының болуын, алғашқы медициналық көмек қобдишаларының жай күйі де тексерілді.

Тексеріс барысында көліктердің сыртқы көрінісіне ерекше назар аударылып, жүргізушілердің көлікті басқару құқығын растайтын жүргізуші куәлігі де тексерілді.

Сонымен қатар қару-жарақ қызметі мамандарының арнайы дайындық бойынша білімдері, атап айтқанда, жарғылар мен қару-жарақ пен оқ-дәрілерді есепке алу, сақтау нұсқаулықтардың талаптары, лауазымы мен қызметтік міндеттеріне қарай бағаланды.

6f618492-05d2-42c4-96e0-36690cf6b6bd

Жылдық техникалық байқаудың мақсаты –  көліктердің есебін, техникалық жағдайын тексеру,  сонымен қатар  қару-жарақ пен автоброньды техникасының жағдайы мен қызметтік-жауынгерлік жұмысқа дайындығын, оларды пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, күту ережелерінің сақталуы және автокөлік тұратын бокстар, әскери техникалардың қосалқы бөлшектерін сақтайтын қоймалардың да жай күйі  тексерілді.

- Жоғарыда аталғандардың бәрі талапқа сай болуы тиіс, себебі әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлігіне техника және қару-жарақтың жағдайы үлкен әсерін тигізеді,  - дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының техника және қару-жарақ  басқармасының офицері, подполковник Алмат Исанкулов.

Жылдық тексерістің  қорытындысы бойынша «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық  әскери бөлімдердің әскери техникасы мен  қару-жарағының жай күйі  «жақсы» және «өте жақсы» деген бағаға бағаланды.

Ертуған Әубакир,

Капитан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале