10.02.2024, 16:30
Оқылды: 25

Батыстық ұландықтар жүлдемен оралды

7-9 ақпан аралығында Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы Есік қаласының дене-шынықтыру және сауықтыру спорт кешенінде құқықтық тәртіп әскерінің әскери қызметшілері арасында волейболдан Ұлттық ұлан чемпионаты өтті.

IMG-20240210-WA0029

Ұйымдастырылған бұл сайыстың басты мақсаты – әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығы мен спорттық шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның XXII спартакиадасы аясында ұйымдастырылған бұл сайысқа еліміздің түкпір-түпкірінен келген 7 команда қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығынан келген команда иеленсе, екінші орыншы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы қаңжығасына байлады, ал үшінші орынды Қаракемер кентінің 6654 әскери бөлім спортшылары қанағат тұтты.

IMG-20240210-WA0030

Турнир жеңімпаздарына кубок, медальдар және бағалы сыйлықтар берілді.

ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале