25.09.2024, 23:00
Оқылды: 50

Бауыр жетіспейді. Елімізде 102 сәби донор кезегінде тұр

Елімізде 4 мыңға жуық адам ағза донорына кезекте тұр. Орган ауыстыруға мұқтаждар саны жыл санап артып келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

IMG-20240925-WA0072Сурет: iStock.com

Бауыр жетіспейді 

Дертіне шипа іздеп, өмір үшін арпалысқа түсетіндердің басым бөлігіне бүйрек пен бауыр қажет.

Қазақстан бойынша 4102 науқас күту парағында тұр. Бүйректі 3600, бауырды 170, жүректі 135 адам күтіп отыр. Оның ішінде 102 сәби бар. Жыл сайын 300 адамдай қосылады. Қазақстан бойынша транспалантация жасайтын 7 орталық бар. Биыл 19 науқасқа трансплантация жасалды – деді Денсаулық сақтау министрлігі Транспланттау және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру орталығының бөлім басшысы Қайрат Иманбаев«Алматы» телеарнасына берген сұқбатында.

Донор

Заң бойынша әр адамның көзі тірісінді ойын білуге болады. Қандай заң болса да, келісім болғанның өзінде де туыстарынан сұрап, рұқсат аламыз. Олар келісім бермесе, донор бола алмайды – дейді дәрігер.

Дін не дейді 

Донордың өзіне немесе өлгеннен кейін мирасқорларына ағза өтемі ретінде материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету шартымен, сауда-саттық, пайда табу секілді мақсаттар көзделетін болса, трансплантация жасау рұқсат етілмейді.

Шарттар

Ал, жалпылама алғанда, тіріден тіріге немесе өліден тіріге ағзаны ауыстыру үшін мынандай шарттар толық болуы тиіс:

1. Тірі адамның ағза мүшесін екінші бір тірі адамға ауыстыру шарттары:

1) Аса қажеттілік, зәрулік болса. Яғни, сенімді, әділ медицина мамандарының шешімімен науқас адамды ауруынан айықтырудың жалғыз жолы – трансплантация жасау болған жағдайда. Сондай-ақ, ағзасын беруші балиғат жасына толған, ақыл-есі бүтін, ерікті болуы шарт.

2) Ағзаны өзгеге салу отасы сәтті әрі толықтай пайдалы болатынына толықтай көз жетсе. Яғни, бос қинау болмауы керек. Өйткені, кейбір денелер басқа дене мүшелерді қабылдамауы ықтимал.

3) Донардың ағзасын алу отасы оған ешқандай зиян жеткізбейтініне немесе оның ертеңгі өмір тіршілігіне кері әсерін тигізбейтіндігіне медицина мамандарының нақты тұжырымдары болуы тиі. Өйткені, науқастың мүддесі ағзасын беруші адамның мүддесінен жоғары тұрмайды.

4) Бұл амал ешқандай материалдық немесе рухани қайтарымсыз жүзеге асуы тиіс. Яғни, ағзаны сату, пайда табу мақсатында берілмеуі тиіс.

5) Ең кемі үш адамнан (медицина маманы) құрылған әділ, сенімді әрі осы ота жасау арқылы пайда табуды көздемейтін коммиссия ота жасалмастан алдын осы емдеу жолының реципиентке (ағза мүшелері ауыстырылып жатқан адамға) нақты пайдасы тиетінін және келешекте донордың (ағзаны берушіге) денсаулығына, өміріне зиян тимейтіні жайлы жазбаша түрде нақты шешім шығарып, оны донор мен науқасқа беруі шарт.

6) Ауыстырылатын ағза ұрпақ тарату жүйесіне (жыныстық мүшелерге) байланысты болмауы шарт.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале