Жақында Атырау қаласында «Адалдық жаршысы» деген атаумен жазба ақындардың республикалық жыр бәйгесі өтті.

Кітап оқу мәдениетін жандандыру арқылы зерделі ұлт қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған үшбу рухани іс-шараға 40 ақын өлең-жырын жолдаған екен. Қазақстан Жазушылар одағы Атырау облыстық филиалының директоры, танымал ақын Әлия Дәулетбаева бастаған қазылар алқасы біздің Бауыржан Ширмединұлының ауыл тағдыры мен кәсіби міндетіне адал мемлекеттік қызметкердің мұрат-мақсатын арқау еткен «31-2-22» атты туындысы бас жүлдеге лайық деп таныды. 800 000 теңгелік жүлде құтты, жақсылық жалғасты болсын, Бауке!
zhaikpress.kz