11.12.2020, 10:29
Оқылды: 103

Базарлар жұмыс істейді, қоғамдық көліктер жүреді

9 желтоқсаннан бастап облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді. Қаулыға сәйкес демалыс және мейрам күндері сауда үйлері, жабық және ашық базарлар жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктердің қозғалысына рұқсат берілді. Ал өзге шектеу шаралары әзірге сол күйінде қалып отыр.

4718CF64-A900-4007-824C-BF76139B6AE4

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері М.Арыспаев шектік шаралардың жеңілдетілуін өңірдің соңғы екі апта бойы жасыл аймақта тұрақтап қалуымен байланыстырады. Жаңа қаулыға сәйкес, енді ірі сауда орындарының, жабық және ашық базарлардың сенбі, жексенбі және мейрам күндері жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Оған қоса, шаһардың қоғамдық көліктері жолаушыларға апта бойы сондай-ақ мейрам күндері еш кедергісіз қызмет көрсете алады. Ескі қаулы бойынша осыған дейін жеке көліктердің қозғалысына түнгі  сағат 23.00-ден бастап таңғы сағат  06.00-ге дейін шектеу қойылған болатын. Енді бұл уақыт сағат 00.00-ден 06.00-ге дейін болып өзгерді. Сонымен қатар барлық бағыттағы тамақтану орындарына, ресторан, кафелерге арақашықтықты сақтай отырып, 50-ге дейін адам қабылдауға рұқсат берілді.

Дегенмен ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар, жаппай жаңа жылдық іс-шаралар (соның ішінде ертеңгіліктер, корпоративтер), сондай-ақ үйде және адамдар көп жиналатын жерлерде отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге тыйым салынады. Басқа да шектеу шаралары  өз күшінде қалады. Әзірге театрлар мен кинотеатрлардың жұмысына рұқсат жоқ. Кинотеатрлардың жұмысын бастау бойынша мәселе алдағы аптада облыстың жедел штаб отырысында  қаралмақ.

Сонымен қатар облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері М.Арыспаев ашық ауада өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері мен жаппай конькиде сырғанау, шаңғы тебу секілді спорттық шараларға тыйым жоқ екенін атап өтті.

Қазіргі таңда өңірде ауырғандар саны 8304-ке жетсе, соның 7422-сі жазылып шыққан, 137 адам індеттен  көз  жұмған.

Ләззат Шағатай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале