5.04.2023, 15:15
Оқылды: 231

БҚО әкімі жас мамандармен кездесуде

Дәл қазір ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Батыс Қазақстан облысындағы филиалында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен кездесу өтіп жатыр.

IMG_5607

Кездесуге «ЖАҢА ТАЛАП» мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушылары, атап айтқанда жоғары курс студенттері мен мемлекеттік органдарда «Жастар практикасы» бойынша қызмет етіп жатқан жас мамандар қатысып отыр.

БҚО Стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Бибігүл Қонысбаева "Дипломмен - ауылға" бағдарламасының облыста жүзеге асырылуы туралы баяндады.

IMG_5589

Қазіргі уақытқа дейін 9000-ға жуық жас маман ауылдық жерде еңбек етіп жатқаны туралы айтқан басқарма басшысы, жастарды бағдарламаны пайдаланып елге қызмет етуге шақырды.

IMG_5592

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алпамыс Көшкінбаев жастарды жұмысқа орналастыруға арналған «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орындары» әлеуметтік жобаларының жүзеге асырылуы туралы толығырақ баяндап берді.

- Облысымызда 686 000 халық тұратын болса, оның 30% жастар. Бүгінгі күні жастардың жасы 35 жасқа дейін заңнамалы түрде ұзартылды. Тек мемлекеттік қызмет емес, басқа салаларға да жастар практикасы бағдарламасын пайдаланып жұмысқа кіруге болады. Кадр мәселесі өте өзекті, облыс көлемінде 300-ге жуық дәрігер, 100-дің үстінде мұғалім жетіспейді. Жастарға үлкен жол ашылып отыр. Осы мүмкіндіктерді жастар пайдалануы қажет. Ауылға барып еңбек етемін деген азамат, азаматшаларға қолдау көрсететін өте жақсы бағдарламалар бар. Қазіргі уақытта облыс аумағында кадр резервін құрғалы жатырмыз. Осының барлығы мемлекет тарапынан жастарға көрсетілген қолдау, - деген облыс әкімі жастарды ауылда еңбек етуге, ел экономикасын көтеруге үндеді.

Альфия Шамаева,

Фото: Мәди Салық

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале