29.08.2023, 9:30
Оқылды: 46

Бес айда 73 шақырым жолға асфальт төселген

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2019 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысындағы Казталов, Бөкейордасы және Жәнібек аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын 245 шақырым жолды жөндеу басталған болатын.

жп жол

2019 жылдан 2022 жылға дейін аталған жол бөлігінің небары 125 шақырымы, яғни, орташа есеппен жылына 31 шақырым жөндеуден өтсе, жыл басынан бастап облыс басшысының тікелей бақылауының арқасында 2023 жылдың 5 айында 73 шақырым жолға асфальт төселді.

жп жол (2)

Қалған 47 шақырым жолды жөндеу жұмысы жоспарға сай жүргізіліп жатыр. «ҚазАвтоЖол» компаниясы аталған жол бөлігін жыл соңына дейін аяқтауды көздеп отыр.

жп жол (3)
Сонымен қатар жол-құрылыс материалдарының (қиыршықтас, битум) жетіспеушілігінен жөндеу жұмысын қарқынды орындау мүмкін болмай отырғанын ескеру қажет. Дегенмен Үкіметтің, «ҚазАвтоЖол» мен облыс әкімдігінің бірлескен тиімді шараларының арқасында қажетті материалдар жеткізіліп, құрылыс жалғасып жатыр.

жп жол (1)

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

жп жол (4) жп жол (5)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале