22.07.2022, 11:30
Оқылды: 53

Бір аптада әлем бойынша коронавирустан 11 мың адам қайтыс болды - БҰҰ

Бір аптада бүкіл әлем бойынша коронавирустан 11 мың адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап.

3

Ондағы мәліметтерге қарағанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) апта сайынғы эпидемиологиялық бюллетенінде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші өткен аптада өзгеріссіз қалғаны, өлім 1% төмендегені айтылған.

11-17 шілде аралығында Еуропа мен Африкада коронавирусты жұқтыру сәйкесінше 16% және 27%-ке төмендеді. Шығыс Жерорта теңізінде жаңа жағдайлардың саны өзгерген жоқ, қалған өңірлерде жұқтыру көбейді, ең көп жұқтыру Тынық мұхитының батыс бөлігіне (37%) тиесілі.

Бір апта ішінде бүкіл әлемде 6,2 миллионнан астам COVID-19-ды жұқтырудың жаңа жағдайы анықталды.

Коронавирустан қайтыс болғандар саны Америка аймағында (7%), Шығыс Жерорта теңізінде (15%) және Оңтүстік-Шығыс Азияда (20%) өсті. Бұл ретте өлім-жітім Тынық мұхитының батыс бөлігінде (3% - ке), Еуропада (14% - ке) және Африкада (39% - ке) төмендеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале