2.10.2024, 11:45
Оқылды: 39

«Birgemiz: Qamqor»: «Қарттарға қуаныш сыйла» акциясы аясында 2000-ға жуық адамға қамқорлық көрсетілді

Қазақстанда 1 қазан – Қарттар күні атап өтілуде. Биыл «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы аясында жалғызбасты қарттарға қамқорлық көрсетуге арналған «Қарттарға қуаныш сыйла» акциясы өткізілді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

816FC71D-0642-4004-A888-B1B2062183C6

Қазақстанның өңірлеріндегі еріктілер қарт адамдар үшін мәдени және демалыс іс-шараларын өткізіп, әлеуметтік көмекші рөлін атқарып, олардың күнделікті өмірін жақсартуға бағытталған көмек көрсетті. Бұл олардың өмірін жеңілдетіп қана қоймай, қоғамға маңыздылығын және қажеттілігін сезінуге көмектеседі.

Бүгінде еріктілер 2000-ға жуық адамға осындай қамқорлық көрсеткен. Ағымдағы жылдың соңына дейін акция аясында жалпы 3000 адамға көмек көрсету жоспарланған.

Айта кетсек, «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы үш жыл бұрын жұмысын бастап, осы уақыттың ішінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Республикамыздың аумағында 8000-нан астам қарт адамдарға қажетті көмек көрсетілді.

Еріктілер қозғалысына кез келген адам қосыла алады. Ол үшін кез-келген адамға дайындықтан өтуге мүмкіндік беретін онлайн-оқыту модулі құрылды. Бүгінгі таңда жоба аясында 3000 ерікті оқытылды.

Қазіргі таңда жобаға қатысқан еріктілердің жалпы саны 6000-нан асты. Еріктілердің басым бөлігі жастар, студенттер және қарттардың өмірін жақсартуға үлес қосқысы келетін азаматтар. Осындай бастамалардың арқасында өскелең ұрпақ пен қарттар арасындағы байланыс нығайып, өзара көмек пен құрмет мәдениеті қалыптасуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале