1.02.2021, 12:35
Оқылды: 431

Бірінші кезекте медқызметкерлер вакцина алады

1 ақпаннан бастап елімізде вакцинация басталды. Облысымызда «Спутник-V» ресейлік вакцинацияның 1000 дозалық бірінші партиясын алды. Қазір Орал қаласындағы №2 емханада вакцинациялау жұмыстары басталды.

1 (11) (3)

Аталмыш емхананың бас дәрігері Кашура Әжіғұлованың айтуынша,  вакцинациялау – бүгін не ертең жасалып, аяқталып қалатын иммунизация емес, жылдың аяғына дейін біртіндеп жүргізілетін үрдіс.

1 (34) (1)

Үстіміздегі жылдың 27 қаңтарында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» қаулысына сәйкес коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша вакциналарды сақтау және тасымалдау регламенті бекітілді.

1 (22) (2)

– Бірінші кезеңде біздің емханада 5 адам вакцина алады. Ауруға қарсы екпе алған адам 30 минут медбикенің бақылауында болады. Коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі бар адамдардың қатарына бірінші кезекте денсаулық сақтау қызметкерлері енгізілді. Бұл адам өміріне араша түсетін медицина қызметкерлеріне өздерін індеттен сақтауға, қорғауға беріліп отырған мүмкіндік. Осындай вакцина беріп, егілуге жағдай жасап жатырмыз.

1 (15) (2)

Адамның денсаулығында ауруға қарсы ешқандай көрсеткіштер болмаса, ол екпе алады деп күтіледі. Өткен пандемия кезінде қиын жағдай болды, осындай вакцина болмағандықтан дәрігерлер мен медбикелеріміз сырқаттанып қалды. Оларды сол уақытта вирустық инфекциядан сақтай алмадық, ауырды, жұмысқа шыға алмай қалды, қазір құдайға шүкір, қызметтерінде жүр. Бірақ бұл инфекция әлі келіп жатыр, бәсеңсімей тұр. Сондықтан осы мүмкіншілікті бәріміз пайдалануымыз керек ойлаймын. Бізге қандай ауру келіп отырғанын, немен келіп отырғанын білмейміз. Мысалы, сау адам емханаға жүргенде ара қашықтықты сақтаса да, ауру адам оның қасынан өтіп бара жатып, жөтеліп қалса, індет жұғуы мүмкін. Сөйтіп біз ешкімді сақтандыра ала алмай қаламыз. Аурудың симтомсыз түрі өте қауіпті, - деді емханана директоры өз сөзінде.

 

                                                                            Нұрымбек Өтей,

         zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале