26.12.2023, 17:30
Оқылды: 41

Биыл 42 пәндік кабинет жаңартылды

Орал қаласы білім беру бөлімі Мемлекет басшысының Қазақсан халқына Жолдауында және республикалық педаготердің ұлттық съезінде берілген тапсырмалар мен Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, «Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасындағы нысаналы индикаторларды орындау мақсатында жұмыс жүргізіп, 2023 жылды табысты қорытындылап отыр.

гор школа (3)

Білім мекемелеріндегі тәрбиеленушілер мен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету назарға алынды. Барлық білім ұйымының мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз ету мақсатында күзет агенттіктерімен келісімшарттар жасалды, дабыл жүйесі жедел басқару орталығына қосылды. Бейнебақылау жүйелері цифрлық камераларға ауыстырылып жатыр. Биыл орта мектептердің кіру-шығу есіктеріне турникеттер орнату толық аяқталып, іске қосылды.

гор школа (4)

Білім беру ұйымдарының материалдық техникалық базасының нығайтылып жатыр. Жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы аясында үш жыл ішінде мектептердің материалдық базасын жаңарту, білім беру сапасын арттыру мақсатында модификациялық құрал-жабдықтардың алынуына басымдық беріліп келеді. Биыл осы бағытта 42 пәндік кабинет жаңартылды. Соның ішінде жаратылыстану-математика бағытындағы кабинеттер мен технология, психолог, дефектолог кабинеттері мен кітапханалар заманауи үлгіде жабдықталып, интерактивті тақта, ақпараттық киоск, оқушылар үшін рухани жайлы орта қалыптасытру мақсатында коворкинг орталықтар ұйымдастырылды.

гор школа (5)

Мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық базасын нығайтуға бөлінген қаражат биыл 27 пайызға артты. Балаларды дамыту бағытындағы ойыншықтар, спорт құралдары мен асхана жабдықтары алынды.

Қала бойынша 18 837 бүлдіршін мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленуде. Оның ішінде 3-6 жас аралығындағы кезектегі балалар 100% қамтылып отыр. Жеке бизнес өкілдерін тарта отырып, бөбекжайлар желісін көбейту бағытындағы жұмыс жүргізіліп жатыр. Биыл мектепке дейнгі ұйымдар үшін мемлекеттік тапсырыс көлемі 424 орынға артты.

Орта білім беру мектептерінде 61 214 оқушы білім алады. 1-11 сынып оқушыларынан 1933 оқушы және 1-4 сынып оқушыларынан 26 339 тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Қала бойынша 3 719 оқушының мектепке күнделікті тасымалы ұйымдастырылған. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде биыл Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің олдауымен қала мектептеріне бес жаңа балалар автобусы берілді.

Биыл қала мектептерінен 308 оқушы облыстық деңгейдегі байқау-cайыстарда, 32 оқушы республикалық сайыстарда жүлделі орындарды иеленді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сыныптарға арналған олимпиадада қала командасы облыс бойынша жүлделі І орынды иеленді. Республикалық кезеңнің қорытындысында алты оқушы жүлделі орындарды қанжығалады. Бір оқушы Президенттік олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

2022-2023 жылдың қорытындысы бойынша 11-сыныпты 2310 оқушы аяқтап, оның 51-і алтын белгі, 85 үздік аттестат иегері атанды. «Алтын белгі» иегерлерінің 49-ы ЖОО грантын ұтып алды.

гор школа (1)

Қала мектептерінде дебат клубтары жүйелі дамып келеді. Оқушылар түрлі дебат турнирлерінде топ жарды. Жуырда ғана ұлттық пікірсайыс турнирінің үш лигасы бойынша (қазақша, орысша, ағылшынша) оралдық оқушылар жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алды. Қала бойынша 7 998 педагог қызмет етеді. Биыл 3 953 педагог пәндік құзіреттілік, мәселелі тақырыптарды ашу және инклюзивті білім беру бағытында біліктіліктерін арттырды. Кәсіби байқауларда көптеген қала педагогтері белестерді бағындырды. Сараптамалық кеңес қорытындысы бойынша 57 педагогтің авторлық бағдарламасы қала көлемінде таратылуға ұсынылса, 175 педагогтің жұмысы облыс деңгейінде таратылды. 81 педагог облыстық байқаудың, 13 педагог республикалық деңгейдегі байқаулардың жүлдегері атанды. Соның ішінде №16 мектептің мұғалімі Анна Дудина «Үздік педагог» атағын иеленді.

Орал қаласы білім беру

бөлімі баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале