13.02.2024, 16:15
Оқылды: 21

Биыл БҚО-да 26 адам коронавирус жұқтырған

Жыл басталғалы БҚО-да коронавирус жұқтырған 26 адам тіркелді. Оның 21-і қаңтарда, 5-еуі ақпанда анықталған. Жүкті әйелдерде 8, ал 14 жасқа толмаған балалар арасында 9 адамның жұқтырғаны анықталып, солардың арасынан 18-і ауруханалық ем алды.

7ca2844b-a137-482c-96fb-c078512802c3

Фото: өңірлік коммуникациялар қызметінен

Секвенирлеу мақсатында Астанадағы молекулярды-генетикалық зертханаға төрт сынама жолданды. Зеттеу әлі жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасы халқының арасында ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың (қызылша, COVID-19 коронавирус инфекциясы, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялар) таралуының алдын алу мақсатында «Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» №2 қаулы күшіне енді.

Соған сәйкес медициналық ұйымдарда персоналдың және келушілердің медициналық маска киіп, антисептиктер болуы шарт.

Халық көп жиналатын жерде (әуежай, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО, банктер және тағы басқасы), көліктің барлық түрінде (қоғамдық көлік, әуе, темір жол көлігі) медициналық немесе матадан тігілген масканы тағуы қажет.

 

М.Арыспаев,

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале