13.11.2020, 16:05
Оқылды: 1971

Биыл БҚО-да «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 21,1 млрд. теңге қаражат бөлінді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында тікелей эфирде Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы баяндауда.

құрылыс4

Президентіміз «Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты ең алдымен тұрғын үй мәселесімен тығыз байланысты» деп атап көрсетті.

Осы жылы БҚО-да «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 17 көппәтерлі тұрғын үйге (2503 пәтер) және ауылдық жердегі 139 тұрғын үй (474 пәтер) құрылысына - 21,1 млрд. теңге қаражат бөлінді.

-Жыл аяғына дейін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» кезекте тұрғандар мен салымшыларына бюджет қаражаты есебінен 1083 пәтер беруді жоспарлап отырмыз. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есе көп.

құрылыс6

Орал қаласында іске асырылып жатқан ірі жобалардың бірі – Ақжайық шағын ауданының құрылысы. Қазіргі таңда инженерлік желілер өткізіліп, тұрғын үйлер салуға алғашқы инвесторлар да анықталды.

2021 жылдан бастап аталған ауданда тұрғын үй салу жұмыстары басталатын болады. Бұл өз кезегінде өңірдің құрылыс саласының дамуына тың серпіліс берері сөзсіз.

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында тұрғын үй салуға жер кезегінде тұрған азаматтарға соңғы рет 2011 жылы ғана берілген.

Осы ретте өңірде тиісті коммуникациялармен қамтамасыз етілген әлеуметтік жеке үйлер салу үшін Орал қаласы мен аудандарда жер учаскелерін ұсыну бағытында жұмыстар атқарылуда.

Мысалға, Орал қаласының Круглоозерный кентінде 1 141 учаскеге арналған егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары аяқтала келді. Алдағы жылы инженерлік-коммуникациялық желілер өткізілген соң кезекте тұрған азаматтарға жер телімдерін бере бастаймыз.

Сондай-ақ Теректі ауданына қарасты Федоровка ауылында 528 жер телімі және Қаратөбе ауданында 144 жер телімі дайындалды. Бұл жұмыстар ауылдағы ағайындардың тұрғын үй мәселесін шешуге және ауыл азаматтарының облыс орталығына миграциясын азайтуға сеп болады, - деп атап өтті Ғ.Нәжімеденұлы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале