8.04.2020, 15:09
Оқылды: 290

«Біз көрсету үшін емес, көмек беру үшін қызмет етеміз!»

eebef79c-ea51-4562-984b-534df5c6da26

Қиын-қыстау кезеңде «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеу жариялап, елге қолдау білдіргеніне қуаныштымын. Тұңғыш Президент жастарды елдің даму күшінің драйвері деп санайды. Расында, күні кеше ғана көк шыбықты ат қылып, алаңсыз ойнап жүрген Тәуелсіздік құрдастары есейді. Енді ел азаматтарының қатарында белсенді қимылдайтын кезі туды. «Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген сендер келер жылы орда бұзар отызға толасыңдар. Еліміздегі ең қуатты күші – өздеріңсіңдер. Аға ұрпақ сендер үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, енді сендердің де күш-қайрат жұмсайтын кездерің келді. Жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істер жасауға ұмтылыңдар», – деп Елбасының бізге сенім артуы жастарға зор серпін беріп отыр.

«Nur Otan»партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас отан» жастар қанатының еріктілері 19 наурыздан бері көп балалы отбасыларға үзіліссіз гуманитарлық көмек көрсетуде. Бүгінге дейін Орал қаласындағы 400-ге жуық отбасына таза гигиеналық қорғаныс құралдарын, антисептиктер мен маскаларды тегін апарып беруде. Жасотандықтар қатарында 25-тен астам ерікті бар. Еріктілер тобында мектеп мұғалімдері, белгілі жас ақындар, әлеуметтік желідегі жазбаларымызды оқып, көмектесуге келген таксистер де індет қатері төнгеніне қарамастан бізбен бірге жанкешті қызмет етуде. Жастар көптің көзіне түсу үшін жақсылық жасап жүрген жоқ. Сын кезеңінде тарыққанды жебеу үшін қимылдауда. Елмен іс жүзінде де, сөз жүзінде де біргеміз!

Ерлік ШАМҒАЛИЕВ,

«Жас отан» жастар қанаты төрағасының орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале