8.08.2022, 16:30
Оқылды: 310

БҚАТУ студенті Әлем чемпионатына жолдама алды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жас спортшысы Айкөркем Ихсанова Qazaq batyry чемпионатында топ жарды.

Айкоркемп

«Агротехнологиялық институтының» білім алушысы Айкөркем Ихсанова 6-7 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында өткен Qazaq batyry чемпионатында спорттың грэпплинг және грэпплинг ги түрінен ІІ және ІІІ орындарға ие болды. Нәтижесінде жас спортшыға Испанияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама берілді.

БҚАТУ медиа орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале