25.02.2022, 16:11
Оқылды: 171

БҚАТУ студентінің бағын жаққан чемпионат

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің І курс студенті Бейбарыс Ізғали Өскемен қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан ҚР чемпионатында екі бірдей жүлделі орыннан көрінді.

IMG-20220225-WA0046

Ел чемпионатында бабы мен бағы қатар жанған Бейбарыс алдымен 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан 2000 метрді кедергі арқылы жүгіруден 2-орынға тұрақтаса, спорттың осы түрінен ересектер арасындағы сайыста 3-орынға табан тіреді.

IMG-20220225-WA0045

Бейбарыс Ізғали – Жәңгір хан университетіндегі Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру институтында «Дене шынықтыру және спорт» бағдарламасында  оқиды. Ол университеттің мықты спортшысы ғана емес, өз тобының старостасы міндетін қоса атқарады.

БҚАТУ медиа-орталығы   

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале