5.03.2020, 9:39
Оқылды: 92

БҚО әкімі коммуналдық қызметтерге қаланы қоқыстан арылтуды тапсырды

   Кеше Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Орал қаласының көшелерін аралап, жолдарды және ғимараттардың сыртқы келбетінің тазалығын назарға алды. Бұл шараға қаладағы коммуналдық қызметтердің басшылары да шықты.

1 (32)

Өңір басшысының назарына алдымен Н.Назарбаев даңғылында есік-терезесі  балшыққа былғанып, бос тұрған ғимарат ілікті. Ғали Есқалиев қаланың келбетін бұзатын мұндай көріністерді жойып, алдымен орталық көшелерді, ғимараттар мен аялдамаларды таза ұстауды «Жайық таза қала»  ЖШС-ның директоры Ринат Нұрғалиевке тапсырды.

1 (24)

– Қала тұрғындары тарапынан жол жөндеу жұмыстарының сапасына жиі сын айтылып жүр.  Шаһарды аралап, сондай жөндеуді қажет ететін жерлердің бар екенін көрдік. Құзырлы мекемелер тиісті шешім шығарып, мердігер компаниялар  өздеріне жүктелген міндеттерін орындайтын болады. Басты міндет – 22 наурызға дейін қаланы күл-қоқыстан тазарту. Ол үшін техника да, мамандар да жеткілікті. Қаладағы сиықсыз тұрған, сынған аялдамалар да қалыпқа келтірілуі керек. Бұл ретте оралдықтар да көрген кемшіліктерді айтып, белсенді болғандары жөн. Ол үшін «109» комек қызметіне жазып, фото-бейнежазу жолдауларына болады. Қаланың  сәулетін жақсарту, жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі,  –  деді Ғали Есқалиев. Айта кету керек, биыл тазалық сенбіліктері 5 наурыз бен 14 мамыр аралығында өтпек.


Ясипа Рабаева

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале