6.03.2023, 17:00
Оқылды: 154

БҚО әкімі аналар кеңесінің мүшелерімен кездесті

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі  аналар кеңесінің мүшелерімен кездесті.  Еркін кездесуге табысты қыз-келіншектер, облыстық іскер әйелдер қауымының мүшелері, қоғамдық пікір көшбасшылары, қаржы институтының өкілдері, ардагер ұстаздар қатысты.

0ef03715-3211-4d9d-9d47-0e3797565dc2

-Құрметті аналар, арулар сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мейрам жүрегімізді шуаққа бөлейтін ерекше күн. Баршаңызды азаматтың әдемі сыңарына айналған ерекше меркелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.

WhatsApp Image 2023-03-06 at 17.44.26

Сіздер отбасын ғана емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербетіп, ұлтымыздың рухын асқақтатып отырсыздар. Тәуелсіз еліміздің бейбіт тірлігі мен берік бірлігіне ұйытқы болып отырған жандар да аяулы аналар.

WhatsApp Image 2023-03-06 at 17.44.28

Аналарымызды ардақтап, қадір тұтудың шектеулі мерзімі жоқ. Десек те, көктемнің күнін көрікті ететін 8 наурыз – «Халықаралық әйелдер күні» сол 365 күннің ерекшесі екені даусыз. Осындай керемет мереке қарсаңында аяулы аналар мен аруларға шынайы алғысымызды білдіруді жөн көрдік. Сіздерді қасиетті Жер-ана бусанып, қар астынан алғашқы бәйшешек бой көтеріп, жер-дүние күн шуағына бөленетін көктемнің көрікті мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін, - деді облыс әкімі.

WhatsApp Image 2023-03-06 at 17.45.44

Одан соң Нариман Төреғалиұлы өңірдің дамуына өзіндік үлес қосқан бір топ қыз-келіншектерге алғыс хат ұсынды. Өңір басшысының құрмет грамотасына ие болған жандар арасында еңбек ардагері Роза Кужекова, БҚО ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Шалқыма Құрманалина, ардагер ұстаз, көп балалы ана Мәншүк Ермұханова, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының директоры Талшынай Жүніс, «Теректі жаңалығы» газетінің жауапты хатшысы Аягөз Айтқалиева және басқа да бір топ қыз-келішек пен түрлі сала ардагерлері болды.

Өз кезегінде Шалқыма Құрманалина, еңбек ардагері Роза Кужекова және Сырым ауданынан келген ардагер ұстаз Гүлбақша Ерғалиева мен тасқалалық «Ақ тілеу» халықтық әжелер ансамблінің төрайымы Майра Нұрмақова мереке қарсаңында қабылдап, құрмет көрсеткен өңір басшысына ризашылығын білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Түгелбай Бисен,

фотоға түсірген Альфия Шамаева

zhaikpress.kz

WhatsApp Image 2023-03-06 at 17.44.26

 WhatsApp Image 2023-03-06 at 17.58.03 WhatsApp Image 2023-03-06 at 17.58.02

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале