16.11.2022, 15:16
Оқылды: 176

БҚО әкімі ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Бүгін – ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің төл мерекесі. Кәсіби мереке жылдағы дәстүр бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесінен басталды. Аймақ басшысы Ғали Есқалиев көрме жұмысымен танысты. Көрмеге ауыл шаруашылығы өнеркәсібімен айналысатын 18 кәсіпкер өз өнімдерін қойған.

WhatsApp Image 2022-11-16 at 12.50.21

WhatsApp Image 2022-11-16 at 12.50.15

БҚО ауыл шаруашылығының дамуы жағынан алда келе жатқан аймақ.

WhatsApp Image 2022-11-16 at 12.50.22

Ауыл шаруашылығы біздің облыс экономикасының жетекші күші. Бұл бағытта жасалған шаруа да, жеткен жетістікте  баршылық.

WhatsApp Image 2022-11-16 at 12.50.24

Бұрынғы жылдармен салыстырғанда мал басынын артуы, көкөніс сақтайтын қоймалар санының көбеюі байқалады.

Салтанатты жиында сөз алған аймақ басшысы ауыл шаруашылығы саласында жеткен жетістіктерге жіті тоқталып өтті.

WhatsApp Image 2022-11-16 at 12.50.28 (1)

-Ауыл шаруашылығы – азаматтарымыздың өмір сапасына тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында бүгінде аграрлық сектордың көрсеткіші жылдан жылға артып келеді. Бүгінгі таңда агроөнеркәсіп кешені саласында өңірімізде 50 мыңға жуық адам еңбек етуде. Сіздердің нәтижелі еңбектеріңіздің арқасында диқаншыларымыз рекордтық деңгейде өнім жинап, ел-жұртты қуантып отыр.

Ауыл шаруашылығы саласындағы жоғары көрсеткіштерге жетуіміз – ауыл еңбеккерлерінің, Сіздердің еңбектеріңіз!

Біздің берекелі аймақтың ырысын арттыру жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын -деді облыс әкімі Ғали Нәжімиденұлы.

Мерекеге орай ауыл шаруашылығы саласында өнімді еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар марапатталды.

WhatsApp Image 2022-11-16 at 12.50.28

WhatsApp Image 2022-11-16 at 12.50.27

Олардың қатарында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен 2 адам, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен 7 адам марапатталса, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет громатасымен 11 адам, ал БҚО әкімінің алғысхатымен 12 адам марапатталды.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Жанат Көшкінбай,

Фото авторы: Гүлмира Сәрсенғалиева

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале