26.03.2024, 23:11
Оқылды: 42

БҚО әкімі су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмысты күшейтуді тапсырды

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласындағы Зашаған кентіндегі су басу қаупі бар шағын аудандарға, Саратов тас жолындағы су арнасы жүйесіне, сондай-ақ, Орал қаласының ескі орталық көшелерінде болды.

Су Орал 2024

Облыс әкімі төтенше жағдайлар департаментіне, қала әкімдігіне және коммуналдық қызмет саласының мамандарына – қар, жаңбыр суларын уақтылы шығару, жолдарды бөгеу, қапшықтармен құм төсеу, су арналары мен құбырларды тазалауды тапсырды.

Су Орал 2024

Айта кетейік, бүгін 2024 жылғы 26 наурыз күні облыс аумағында және Орал қаласында жауын-шашын тоқтаусыз жауып тұр. Осыған байланысты, жаңбыр және еріген қар суы жердің жібімеуіне, яғни тоңның қалың болуына байланысты, жерге сіңбей тұрғын үйлерді су басу қаупін төндіріп тұр.

Су Орал 2024

Қазіргі уақытта су тасқынының алдын алу бойынша арнайы облыстық штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Өңір басшысы Нариман Төреғалиев шаһардағы су басқан қауіпті аумақтарды өз көзімен көріп, тиісті жұмысты күшейтілген режимде атқаруды тапсырды. Өз сөзінде облыс әкімі аталған жұмыстарды қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізді.

       БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале