20.01.2023, 10:00
Оқылды: 326

БҚО әкімінің орынбасары тағайындалды

Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың төрағалығымен облыс активі өтті.

Актив отырысын ашқан өңір басшысы биыл қаңтар айында өткен ҚР Парламент Сенатына сайлаудың нәтижесінде жеңіске жеткен Арман Өтеғұловты құттықтап, өңірдің дамуы үшін біріге қызмет атқаратынына сенім білдірді.

25938cc1-201d-479c-b5ad-da7e7cdc4d8b

Сонымен қатар Нариман Төреғалиев облыс әкімінің орынбасары Темірхан Меңдіғалиевтің басқа қызметке ауысуына байланысты өз өтінішін бергенін хабарлады.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Ержан Балтаевты тағайындап, жүктелген міндетті абыроймен атқаруға тілек білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.

Ержан Балтаев кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, құрылыс, қаржы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік етеді.

Балтаев Ержан Талғатұлы 1983 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары, Қазақстан-Британ техникалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану», Ұлыбританияның Абердин Университетін «әкімшілік іскерлік» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтың маманы болып бастаған.

Әр жылдары «CAPS Distribution» компаниясында заңгер, ТАИБ Қазақ Банкінде заңгер, департамент директоры, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы жобаларында ұлттық менеджер, бағдарламалардың үйлестірушісі, «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында басқарма төрағасы, ҚР Әділет министрлігі Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменті басқармасының басшысы, «ҚПО Б.В.» компаниясында жоба басқарушысы, «TENDEU» Халықаралық Арбитраж агенттігінің директоры, «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығының басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

2021 жылдан бері Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысы болып қызмет етті.

Альфия Шамаева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале