28.03.2020, 14:21
Оқылды: 1072

БҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаевтың қаулысы

Батыс Қазақстан облысының аумағында жаңа коронавирустық жұқпаның (COVID-2019) әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы БҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаевтың қаулысы қабылданды.         rsk-768x432_800x450               

БҚО аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу: 

1. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға (адамдар көп жиналатын объектілердің меншік иелері мен жалға алушыларына):

1) кинотеатрлардың, түнгі клубтардың, фитнес орталықтардың, тренажер залдарының, балалардың ойын-сауық орталықтарының, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының (даму, білім беру орталықтарының, үйірмелердің, факультативтердің және басқа да объектілердің), компьютерлік клубтардың, спорт кешендерінің (үйірмелердің, секциялардың және басқалардың), санаториялық-курорттық объектілердің, кальяндардың (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға тыйым салу), азық-түлік емес сауда базарларының, оның ішінде мал, киім-кешек, автокөлік, құрылыс заттары базарлары (аумақтағы азық-түлік базарларын және азық-түлік қоймаларын қоспағанда), аумағы 2000 ш.м. және одан да көп болатын ірі сауда үйлерінің, орталықтардың, сауда-ойын-сауық орталықтарының (оларда орналасқан тамақ өнімдерін, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізу жөніндегі объектілерді қоспағанда), бильярд, ойын залдары, боулинг-орталықтары, букмекерлік конторлар, лото, футбол алаңдары, саябақтар, той салондары және кез келген басқа да ойын-сауық объектілерінің қызметін тоқтата тұру;

2) аумағы 2000 шаршы метрден кем сауда объектілерінің (сауда орталықтары, гипермаркеттер, сауда үйлері, азық-түлік базарлары, супермаркеттер, шағын маркеттер, дүкендер және басқа да бөлшек сауда объектілері) жұмысын сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін шектеу. Кемінде 1 (бір) метр қашықтықты сақтай отырып, кезектің 5 адамнан артық түзілуіне жол бермеу. Көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тамақ өнімдерін буып-түйілген түрде өткізуді жүзеге асыру;

3) қоғамдық тамақтану объектілерінің (кафе, мейрамханалар, барлар, асханалар және басқалар) жұмыс уақытын сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін тамақты үйге жеткізуді/үйге алып кетуді жүзеге асыруға рұқсат етілуімен сағ. 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеу және келушілер санын 50 адамнан асырмау. Үстелдер арасындағы арақашықтықтың кемінде 2 (екі) метрден кем болмауын қамтамасыз ету. Асханаға келушілердің өзіне-өзі қызмет көрсетуіне тыйым салу;

4) адамдар көп жиналатын және тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында (сауда нысандары, азық-түлік базарлар, діни мақсаттағы объектілер, ХҚКО, коммуналдық шаруашылық, моншалар, сауналар, тамақ және тамақ емес өнеркәсіптер, қоғамдық тамақтану нысандары, вокзалдар, әуежайлар, қызмет көрсету саласы нысандары (сұлулық салондары, шаштараз, ателье, қонақ үйлер және басқалар), денсаулық сақтау нысандарында (оның ішінде дәріханалар) санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейту:

- ыстық және суық сумен жабдықтаудың жарамды жүйелерінің болуын қамтамасыз ету (соның ішінде санитарлық тораптар); 

- қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнатуды қамтамасыз ету (санитайзерлерде микробқа қарсы ұзақ әсері бар көпфункционалды антисептикалық құралды пайдалану); 

- әрбір 3 (үш) сағат сайын үстелдердің, орындықтардың, экскалаторлардың мен баспалдақтардың ұстайтын жерлері, есіктердің, лифтілердің, едендердің, қол жууға арналған раковиналардың және келушілердің қолымен жанасуы мүмкін басқа да заттардың бетін арнайы дезинфекциялық құралдармен өңдеу жүргізу; 

- дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, барлық жайларда үнемі ылғалды тазалау жүргізу (соның ішінде санитарлық тораптар);

- нысандарда тұрақты желдетіп тұру (әр 6 сағаттан кем емес уақытта);

- сору-шығару қондырғыларын дезинфекциялау;

- объектілерге іргелес жатқан аумақты тәулігіне 1 реттен кем емес дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;

- халыққа әр 3 (үш) сағат сайын ауыстыруға жататын бетперде киіп және ауысымына 2 (екі) реттен кем емес ауыстыруға жататын бір реттік қолғаптарды пайдалана отырып қызмет көрсету. Қорғау құралдарының тұтастығы бұзылған жағдайда оларды дереу ауыстыру;

- жіті респираторлық жұқпалары (жоғары температура, жөтел, тұмаурату) бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;

- жоғарыда көрсетілген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін жауапты қызметкерлерді бекіту;

5) медициналық ұйымдарда (стационарлық үлгідегі), қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарда, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, интернат үлгісіндегі мүгедек балаларға арналған оқу орындарында толық карантинді (келушілерге тыйым салуды) және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету;

6) қоғамдық көлікті әр рейстен кейін, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне бір рет), жалпы пайдалану орындарын (тротуарлар, саябақтар, скверлер, алаңдар және басқалар) (тәулігіне бір рет) дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді қамтамасыз ету. Қоғамдық көлік жүргізушілері (соның ішінде такси) және кондукторлар жолаушылар тасымалын жүзеге асыру кезінде бетперде және қолғапты пайдалануы қажет;

7) КВЖ алдын алу мәселелері бойынша халықты үнемі хабардар етуді қамтамасыз ету, халық арасында үрейленудің алдын алу бойынша шаралар қабылдау.

2. Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті, қала және аудандардың әкімдеріне:

КВЖ күдігі бар науқастарды, КВЖ бойынша байланыста болған адамдарды, сондай-ақ КВЖ бойынша қолайсыз елдерден келген адамдарды емдеуге жатқызу (инфекциялық, провизорлық және карантиндік) орындарын күзету; 

КВЖ бойынша байланыста болғандарды іздестіру және карантинге орналастыру жөнінде шаралар қабылдау;

Жолаушылар тасымалының қызметін шектеу:

Емделуге бара жатқан тұлғаларды қоспағанда, ресми емес (тіркелмеген) жеке тасымалдаушыларға облыстар мен аудандар арасында да жолаушылар тасымалына тыйым салу;

Автобус қатынастарын қоспағанда, аудандар арасында және Атырау мен Ақтөбе облыстарының бағыты бойынша ресми (тіркелген) жеке тасымалдаушыларға жолаушылар тасымалына, емделуге бара жатқан тұлғаларды қоспағанда, тыйым салу;

4) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналы, , транзиттік жүк автокөлігі, сондай-ақ облыс қажеттілігі үшін азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары бар жүк автокөліктер (дезинфекциялық режимді және жеке гигиенаны қатаң сақтауымен: бетперде, қолғап және дезинфекциялық құралдарды пайдалану), Ресей Федерациясына емделуге жіберілген тұлғалардан басқа,  Қазақстан Республикасы азаматтарының Батыс Қазақстан облысы аумағынан Ресей Федерациясына шығуына тыйым салу;

5) Батыс Қазақстан облысы аумағына басқа өңір тұрғындарына кіруге тыйым салынады;

6) Батыс Қазақстан облысы тұрғындарына автобус қатынастары арқылы жүруді және емделуге бара жатқан тұлғаларды қоспағанда,  Атырау және Ақтөбе облыстары бағыты бойынша автомобиль көлігімен жүруге тыйым салу. 

3. Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасына:

жоспарлы медициналық қызметтер көрсетуді шектеу (жоспарлы емдеуге жатқызу, профилактикалық тексерулер, скринингтер, оңалту); 

КВЖ бар пациенттерді емдеу үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қамтамасыз ету; 

стационарлық Денсаулық сақтау ұйымдарында карантинді енгізуді қамтамасыз ету; 

іс-әрекеттері ошақта қараумен, тасымалдаумен, жұмыспен, емдеуге жатқызумен, еммен және оған күдігі бар науқастарды қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлері мен қызметкерлердің жоғары дәрежелі қорғану маскаларын немесе респираторларды пайдалануды қамтамасыз ету;

КВЖ күдігі бар науқастарды, КВЖ бойынша байланыста болған адамдарды, сондай-ақ КВЖ бойынша қолайсыз елдерден келген адамдарды емдеуге жатқызу (инфекциялық, провизорлық және карантиндік) орындарының күзетін күшейту. 

4. Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасына:

мектепке дейінгі балалар ұйымдарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау (желдету, ауысымда кемінде үш рет ылғалдандыру, дезинфекциялау); 

мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі топтар үй-жайларын кейіннен желдетумен кварцтау; 

мектепке дейінгі балалар мекемелерінде таңертеңгі тексерістен өткізу (балаларды топқа қабылдау кезінде қарау); 

каникул кезінде және төтенше жағдайдың әрекет ету мерзімінде оқушылардың экскурсиясына тыйым салу.

5. Сеніп тапсырылған аумақтарда Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық басқармалары:

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, КВЖ таралуының алдын алу бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

санитарлық-карантиндік бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

байланыста болғандарды оқшаулаудың жүргізілуін, сондай-ақ карантин жағдайында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылау. Үй карантиніндегі байланыста болған адамдарды, сондай-ақ олармен бірге тұратын адамдарды үйде оқшаулау ережесін (үй карантин) сақтау қажеттілігі туралы қол қойғыза отырып, хабардар ету;

КВЖ таралуының алдын алу жөніндегі көрнекі жұмыстарды орналастыруды ұйымдастыру, КВЖ профилактикасы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасынан кететін азаматтарына және шетелден келетін барлық азаматтарға жадынамалар тарату;

мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттеріндегі қызметкерлерге КВЖ таралуының алдын алу және алдын алу шаралары бойынша нұсқама беру;

Шыңғырлау мен Ақжайық аудандарындағы санитарлық блок бекеттерінде және Ресей Федерациясымен шекарадағы автоөтпелерде санитарлық-карантиндік бақылауды (термометриямен тексеру және сауалнама жүргізу) күшейту;

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 22 наурыздағы №26 (2020жылдың 26 наурызындағы №27 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Қаулысын орындау бойынша өзге де шараларды қабылдау.

6. «Батыс Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы», Батыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына:

КВЖ күдігі бар науқастарды және байланыста болған науқастарды зертханалық тексеру; 

КВЖ ошақтарын дезинфекциялық өңдеу; 

полимеразды-тізбекті реакция, вирусологиялық зерттеулер, молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізуге арналған тест-жүйелер, диагностикумдар, КВЖ науқастарынан үлгілерді алуға арналған шығын зертханалық материалдардың, шығыс материалдарының азаймайтын қорын қамтамасыз ету.

7. Осы қаулы барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың назарына, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізілсін.

8. Осы қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке кәсіпкерлердің, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

9. Осы Қаулының талаптары, сондай-ақ төтенше жағдай режимі бұзылған кезде жауапты адамдарды тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде көзделген барлық шаралар қабылдансын.

10. 2020 жылдың 19 наурыздағы № 1-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында жаңа коронавирустық жұқпаның (COVID-2019) әкелінуі  мен таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» және 2020 жылдың 21 наурыздағы № 2-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында жаңа коронавирустық жұқпаның (COVID-2019) әкелінуі  мен таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулылырының күші жойылды деп танылсын.

11. Осы қаулының орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары Н.Е.Мұстаевқа жүктелсін. 

12. Осы Қаулының 2-тармағының 3, 4, 5, 6) тармақшаларын қоспағанда (олар 2020 жылдың 30 наурызында 00 сағат 00 минуттан бастап заңды күшіне енеді) Осы Қаулы 2020 жылғы 28 наурызда 12 сағат 00 минуттан бастап заңды күшіне енеді.

М.Арыспаев

Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері               

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале