15.02.2020, 11:33
Оқылды: 169

БҚО-да 2021-2022 жылдары жергілікті бюджет есебінен үш мектеп салынбақ

БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің халық алдындағы есептік кездесуі басталды. Кездесуге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Дәурен Байтөлешов, облыстық басқарма, департамент басшылары, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысуда. 

acc9ffdb-98ea-4322-8e04-014a39e2d2ac

Облыс әкімі есептік кездесуде мектеп ғимараттарының тозығы жетіп, күрделі мәселеге айналғанын айтты.

-Қазір өңірде апатты жағдайда тұрған 12 мектеп бар. Ал сегіз мектепте оқушылар үш ауысыммен оқиды.

2019 Ақжайық ауданы орталығында 100 орындық интернатымен 300 орындық мектеп және қалада 900 орындық №51 мектептің құрылысы басталды.

e7615296-77d2-4898-8561-1a165cc9374d

Биыл Сарықұдықта 60 орындық, Казталовта 600 орындық А.Оразбаева атындағы мектептің, Оралда 300 орындық №33 мектептің құрылысы басталады. Мұнымен қоса тегін білім беретін үш жеке мектептің құрылысын бастау жоспарда тұр.

БҚО-да 2021-2022 жылдары жергілікті бюджет есебінен үш мектеп салу жоспарлануда. «Ауыл – ел бесiгi» бағдарламасы аясында үш мектеп күрделі жөндеуден өтті.

akim (3)

Былтыр облыста 230 орындық екі жатақхананың құрылысы басталды. Биыл политехникалық және индустриалдық колледждердің студенттері үшін 450 орындық тағы екі жатақхананың құрылысы басталады, - деді облыс әкімі.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале