16.02.2024, 16:39
Оқылды: 47

БҚО-да 2024-2026 жылдарға арналған «Қаладан ауылға» пилоттық жобасы іске аспақ

"Бұл жайлы облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңірлік және республикалық БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясында айтты", - деп хабарлайды zhaikpress.kz ақпарат агенттігі.

WhatsApp Image 2024-02-16 at 16.31.33 (1)

- Халықты қаладан ауылдық жерлерге қоныстандыру үшін 2024-2026 жылдарға арналған «Қаладан Ауылға» пилоттық жобасы әзірленіп, бекітілді. Аталған жобаның негізгі мақсаты - азаматтардың ауылға келуін ынталандыру, ауылда шағын бизнесті дамыту, тұрақты жұмыс орны жоқ қала азаматтарының, жас отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуге қолдау көрсету болып табылады, - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Облыс әкімінің айтуынша, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2023 жылға республикалық бюджеттен 6,4 млрд теңге кредиттік қаражат бөлініп, қазіргі таңда 966 өтініш бойынша 6,3 млрд теңге көлемінде қаржы берілді.
Сондай-ақ негізгі азық-түлік тағамдарына деген импортқа тәуелділікті азайту мақсатында алдағы 3 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін 70%-ға дейін жеткізу мақсаты тұр.
Қазіргі таңда облыста 270 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істейді. Соның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жаңадан 44 кооператив құрылған.

Облыста қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі 2022 жылы 56% құраса, 2023 жылдың қорытындысымен 63,1%-ға жетті.  Жоспарға сай, 2026 жылға дейін бұл көрсеткіш 70%-ға жетпек.

Өткен жылы облыста барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 617 мың га құрады. Облыс бойынша 302 мың тонна астық (10,1 ц/га), 153 мың тонна картоп, көкөніс-бақша өнімі жиналды. Майлы дақылдардан 78 мың тонна өнім алынды.

- Агроөнеркәсіп кешенінде 2023-2026 жылдарға 89 млрд теңгеге 40 инвестициялық жоба жоспарланса, 2023 жылы 6 млрд теңгеге 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Биыл 47 млрд теңгеге 19 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз, - деді облыс әкімі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале