ҚР Үкіметінің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын жалпы ұзындығы 245 шақырым болатын автожолдарға реконструкция және күрделі жөндеу жұмыстары 100% аяқталды.

Фото: KZgovernment
Ауқымды жоба «Қазталов – Жәнібек – РФ шекарасы» (142 км) және «Өнеге – Бисен – Сайқын» (103 км) бағыттарын қамтып, оған 81,7 млрд теңге инвестиция салынды.

Жаңартылған трассалар аталған өңірлерде тұратын 54 мың тұрғынның Орал қаласына қатынауын едәуір жеңілдетті.

Барлық учаскеге алғаш рет асфальт төселіп, жолда жүру уақыты 12-14 сағаттан 5-6 сағатқа дейін қысқарды. Бұл бастама өңіраралық байланысты нығайтып, тауар айналымы мен жүк тасымалын арттыруға жол ашады.